Парламент мәжілісінің депутаты университет ұжыммен кездесу өткізді

2022 жылдың 17-26 тамыз аралығында “Аманат” партиясы Орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Шымкент қаласына арнайы келіп өңіріміздің бір қатар мекемелерімен ұжымдармен кездесулер өткізуде.
Осы кездесу аясында, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Бекжанов Берік Айдарбекұлы біздің, яғни Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен басқосу өткізді.
Аталған жиында, Б.Бекжанов биылғы маусымда өткен жалпы халықтық референдумнан кейінгі елімізде атқарылып жатқан өзгерістерді тілге тие кетті.
Білім саласына байланысты сұрақтар қойылып ұсыныстар айтылды. Жоғары білім беру жүйесіндегі күрделенген мәселелер көтеріліп, ұстаздар қауымы ҚР Ғылым және жоғары білім мигистрлігіне жеткізуді ұсынды.
Жиын соңында, университет ректоры м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы Парламент мәжілісінің депутаты Б.Бекжановтың жұмысына сәттілік тілеп, ұжыммен кездесу өткізгеніне өз алғысын білдірді.
Scroll to Top